Ғалымдар: Секс өмірді ұзартудың бір жолы
Халықаралық ғалымдар тобы Италияның оңтүстігінде тұратын адамдардың неліктен ұзақ жасайтынын анықтады. Ғалымдардың қорытындысына сүйенсек ұзақ жасаудың негізгі себебі секс екен. Бұл қатарға диета мен физикалық белсенділікті де қосуға болады.
Бұл туралы The Local жазады.
Неаполден 150 шақырым жерде орналасқан Чиленто курортты қалашығы планетадағы ең ұзақ өмір сүретін адамдар мекендейтін жер болып саналады. Мұнда әйелдер орта есеппен 92, ал ерлер 85 жасқа дейін өмір сүреді.
Зерттеу бойынша ұзақ жасаған адамның қанында қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымын төмендетіп жіберетін адреномедуллин гармонының деңгейі төмен болған. Бұл қан айналымына жақсы әсер етіп, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, Чиленто тұрғындарының организмінен дені сау күйінде қартаюға себеп болатын метаболит табылған.
Мамандар бұл жер тұрғындарының физикалық тұрғыдан ерекше белсенді екенін және жиі серуендеп, балыққа барып, бақша шаруашылығымен айналысатынын анықтаған. Сонымен қатар, жасының келгеніне қарамастан жыныстық қатынасқа түсу де өмірді ұзартудың бір жолы екендігін айтады.
Қазіргі кезде швециялық ғалымдар тобы үш айға созылатын тәжірибе жүргізіп жатыр. Ол бойынша 200 италиялық азамат Швецияның Мальме қаласына, ал тағы 200-і Чилентоға барады. Ғалымдар ол адамдарды жергілікті әдеттерге дағдыландырып, олардың өміріне қаншалықты әсер тиетінін анықтап көрмек екен.
Жіберіп алмаңыз:
20 жастағы қыз аяғының ұзындығы бойынша рекорд орнатты (фото)
Смартфонның сынып кетуінің 5 себебі
Телефон қуаты жиі отырып қалмау үшін не істеу керек?
Қолын лифт жұлып кеткен 8 жасар қыз үйіне дейін бір километр жүгіріп барған