Ғалымдар: оптимист әйелдер ұзағырақ өмір сүреді
Америка ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, ең оптимистік көзқарастағы әйелдер орташа есеппен алғанда 30%-ға сиректеу қайтыс болды екен.
Өмірге оптимистік тұрғыдан қарайтын әйелдер, орташа есеппен алғанда күйзеліске көп түсетін нәзік жандыларға қарағанда, ұзағырақ өмір сүріп, обыр, жүрек аруы, инсульт және өкпенің қабынуынан сирек көз жұмады деп мәлімдейді гарвардтық ғалымдар.
“Бүгін біздің күш-жігеріміз негізінен белгілі бір ауруға шалдығу қауіпін қысқартуға бағытталған. Бұл ретте біздің және басқа да зерттеулер көрсетіп отырғандай, психологиялық тұрақтылықтың артуы да осының бәріне әсер етеді. Біз адамдардың оптимизмін көтеру қажеттілігін көрсеттік, өйткені ол салауатты өмір салтын ұстануға мәжбүрлейді”, — деп мәлім етті АҚШ Гарвард университетінен Эрик Ким (Eric Kim). Ким мен оның әріптестері мұндай тұжырымға 2004-2012 жылдар аралығында өткізілген мейірбикелер арасындағы денсаулық мониторингін жүргізу жобасы аясында арнайы әлеуметтік және денсаулық сақтау қызметтері жинаған деректерді зерттеу арқылы келген.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді
Банкідегі тұздалған тағамдар неге зиян?