Ғалымдар марихуана тұтынатындардың миындағы ауытқулар туралы айтты
Ғалымдар АҚШ-тың кей штатында рұқсат етілген марихуананың адам денсаулығына айтарлықтай қауіпті екенін айтып жатыр.
Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.
Марихуана тұтынатын адамдардың миларының қан айналым жүйесінде ақау болдаы және олар Альцгеймер ауруына тез шалдығулары мүмкін. АҚШ ғалымдары марихуана тұтынатын 1 000 адамның миын зерттеген. Олар каннабисті қолданатын адамдардың гиппокампында қан айналымның дұрыс еместігін анықтаған. Гиппокамп әртүрлі сәтте есте сақтауға көмектеседі және ол Альцгеймер ауруының эпицентрі.
Ми томографиялары каннабис тұтынатындардың мүмкіндіктерінің шектеліп қалатынын анықтаған. Альцгеймер тақырыбында жазылып, журналға шыққан мақалалардың бірі АҚШ-та марихуананың кеңінен таралып келе жатқанын байқатады. Ақ үй қызметшісі, дәрігер Вивек Гупта жағдайдың күрт қиындап кеткенін айтқан.
Әмин клиникасының зерттеушілері 1995-2015 жыл аралығында дүниеге келген 26 268 адамды тексерген. Науқастардың көбісі Калифорния, Вашингтон, Вирджиния, Джорджия, Нью-Йорк штаттарынан келген. Артынша барлығы томографиялық тексеруден өткен. Олардың ішіндегі мың адам марихуананы тұтынады. Ғалымдар осы нашақорлар мен салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың миынан айтарлықтай айырмашылық тапқан. Яғни екі топта қан айналым үрдісі түрліше жүзеге асып отырады. Марихуана тұтынатындардың есте сақтау қабілеті нашар келеді.
Дәрігер Элизабет зерттеу нәтижесін көріп, қатты қорқып қалғанын айтқан. “Марихуананы тұтынатын науқастарды күнде көретін дәрігер ретінде мен қатты таң қалдым. Олардың мидағы қан айналым үрдісі өзгелерге қарағанда тым нашар болады екен. Оның үстіне Альцгеймер ауруына шалдығу қаупі де жоғары әрі есте сақтау қабілеттері де нашар келеді”, – дейді ол.
“Марихуананы қолдануға тыйым салмауымыздың салдары жаман болуы мүмкін. Оның адам денсаулығына тигізетін қаупі тым жоғары”, – дейді Альцгеймер туралы журналдың бас редакторы Джордж Перре.
Әмин Клиникасының негізін салушы Даниэль Әмин мырза зерттеу барысында марихуананың адам миын істен шығарып жіберуі мүмкін екенін айтты. Ал өзге бір зерттеу марихуана психоздың пайда болуын үш есе арттыратынын анықтаған.
Жіберіп алмаңыз:
Жыныс мүшесіне зақым келген еркек пәктігінен 44 жасында айырылған (фото)
Малайзияда бүлдіршіндер сүндеттелетіндеріне ерекше қуанады (фото)
Күйеуі бар әйелмен төсектес болған жігіттің жыныс мүшесі “ғайып болып” кеткен