Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қыз баланы сүндеттеуді дұрыс деп тапты

Ғалымдар Египет дәрігерлерінің қыз баланы сүндеттеуінде ешқандай қауіп жоқ екенін айтады. Алайда, елде қыз балаларды сүндетке отырғызуға тыйым салынған.

zhenskoe_obrezanie

International Perspectives on Sexual and Reproductive Health халықаралық журналы әйел затын сүндетке отырғызу мәселесі жөнінде жүргізген зерттеу нәтижесін жариялады. Зерттеушілер егер сүндетке отырғызуды білікті мамандар жасайтын болса, оның еш зияны жоқ деген қорытындыға келді.

Египетте 2008 жылдан бері қыз баласын сүндетке отырғызуға тыйым салынған. Алайда, оған қарамастан әйелдердің 90 пайызы 50 жасына дейін сүндетке отырған. Мұндай отаның 70 пайызын білікті дәрігерлер атқарады.

Бұған дейін шулы мәселе бойынша ресейлік мүфти Исмаил Бердиев өз ойын айтып, «Ресейлік әйелдерді сүндетке отырғызатын болса жақсы болар еді. Бұл барлық әйел заты үшін пайдалы. Құдай әйелдерді бала туып, оларды тәрбиелеу үшін жаратты. Ал, сүндетке отырғызу оған еш кедергі келтірмейді» деген еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Британияда ер адам балаларын сүндетке отырғызудан бас тартқан әйелімен соттасты

ОҚО тұрғыны бала сүндеттеуді ұлының атына патенттеп алған

Талқылау