Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Қырықтан асқан адамдар аптасына 3 күн жұмыс істеуі керек

Ғалымдардың пайымынша, қырықтан асқан адамдар аптасына үш күн ғана еңбек етсе, жұмысы өнімді әрі тиімді бола түседі,-деп жазды  bnews.kz сайты.

 

жұмыс40

Мельбурннің қолданбалы экономика және әлеуметтік зерттеулер институтының мамандары жасы ұлғайған қызметкерлер неғұрлым аз күн жұмыс істесе, соғұрлым тиімді еңбек ететінін анықтады. Экспериментке 40 жастағы 3 мыңға жуық ер адам мен 3500 әйел қатысқан. Ғалымдар зерттеу кезінде жұмыс ерекшеліктері мен мидың қызметін назарға алған.

Тәжірибе барысында жұмыстың көптігін когнитивті қабілеттермен байланыстыру үшін ерлер мен әйелдер мәтінді дауыстап оқып, сандардың реттілігін соңынан басына қарай қайталап, басқа да тапсырмаларды орындады.

Тиісінше, аптасына 25 сағат жұмыс істеген адамдардың еңбек өнімділігі жоғары болған. Ал аптасына 60 сағатын жұмысқа арнайтындардың когнитивті қабілеттері едәуір төмен екені байқалды.

Ғалымдардың айтуынша, күнделікті жұмыс мидың белсенділігін арттырғанмен, шамадан тыс жұмыс істеу адамды қажытып, күйзеліске ұшыратады.

 

 

Талқылау