Ғалымдар Күн бетінде тағы да қуатты жарылыстар болатынын болжады
Санкт-Петербург обсерваториясы қызметкерлерінің болжамынша қыркүйек айының соңында күн бетінде тағы да белсенді қозғалыстар болады.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Жерге елеулі түрде әсер еткен Күн бетінде жарылыстар орын алған еді. Сол себепті астрофизик ғалымдар мұны соңғы 12 жылдағы ең қуатты жарылыстар деп атаған.
Алғашқы жарылыс алтыншы қыркүйекте болды. Келесі күні екінші қуатты сілкініс тіркелді. 8 қыркүйекте де Күн бетінде тыныштық болған жоқ. Соңғысы 10 қыркүйекте тіркелді. Қысқа уақыт ішінде жарылыс әсері Жерге де сезілді. Күн бетіндегі белсенділікті Павлодардағы оқушылар үйінде орналасқан обсерватория мамандары да бақылаған.
“Біз осы жарылыстың арқасында пайда болған поляр шұғыласын көре алдық. Оның барлығы күн энергиясының қаншалықты бөлінуіне байланысты”, – деді астрониялық обсерватория меңгерушісі Виталий Радченко.
Мұндай кезде метеотәуелді адамдар жарылыс әсерін бірден сезінеді екен.
“Егер корональлды қысым біздің Жер бағытына қарай аударылса, онда Жердің магнитті қабатына әсерін тигізіп, онда құдды магнитті дауыл тұрғандай болады”, – дейді “Антарекс” астроклубының меңгерушісі Гүлнар Баубекова.
Күннің белсенділігі айтарлықтай жоғарылаған сәттерде созылмалы және психикалық аурулары бар адамдардың өзін-өзі сезінуі нашар күйге түсіп кетеді екен.
“Бұл бірінші кезекте жүрек қан-тамыр жүйесіне әсер етеді. Сол себепті әрбір адам өзінің қан қысымын өлшетіп, дәрігерге қаралса артық болмайды”, – дейді кардиолог Гүлнар Мұқанова.
Оқи отырыңыз:
Алматыда тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды
Психолог: Хиджаб үшін директорлар мен ата-аналар дауласып жатқанда, балаларға ауыр соққы болуда