Ғалымдар: Инфарктің көбі ақшамен байланысты
Егер адам ұзақ жылдар қаржылық қиындықтарға байланысты күйзелісте жүрсе, онда инфаркке ұшырау қатері үш есеге артады. Йоханнесбургтегі Витватерсранда университетінің ғалымдары адамдар инфаркке неден ұшырайтынын анықтады.
Бұл туралы life.ru басылымы жазды.
Жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша Оңтүстік Африка қауымдастығының 18-ші жыл сайынғы конгресі аясында ғалымдар мен дәрігер-кардиологтар көптеген маманды мазалап жүрген баяндама тыңдады. Онда өлімге әкеп соғатын инфарктің көбісі қаржы проблемасымен байланысты екені айтылған.
Йоханнесбургтегі Витватерсранда университетінің ғалымдары инфаркт көп жағдайда психоәлеуметтік факторлардан болатынын атап өтті. Бұл факторлардың арасында ақша немесе басқа да активтер алдыңғы орында тұр.
Мамандардың айтуынша, егер адам ұзақ жылдар бойы қаржылық қиындықтарға байланысты күйзелісте жүрсе, онда миокард инфарктісіне ұшырау қатері үш есеге артады. Зерттеушілер инфарктке апаратын қаржылық қатерге отбасылық қарым-қатынас пен мансаппен байланысты проблемалар әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді
Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелді соттады
Елбасының Өзбекстан мен Қырғызстанның бұрынғы президентімен боулинг ойнаған сәті жарияланды (видео)