Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ежелгі сақ тайпасының татуировкасын көрсетті (фото)

Ежелгі сақтардың денесіне татуировка салған. Сібір мен Алтай археологтары жерленген мәйіттерді зерттеп көрді.

9beb706095891166e8d874223d3a527e

Мәйіттер төменгі температураның арқасында бұзылып кетпей жақсы сақталған, деп жазады Экспресс К.

d80157b54a4961f37556f2800751d6ea

Сақтар денесіне арыстан мен айдаһардың, жылқы мен тісті балықтардың суретін бейнелеген. Сақ көшбасшысының денесінде бес барыстың бөкенді бірнеше бөлікке бөліп тастаған сәті бейнеленген. Татуировканы ер адамдардан бөлек әйелдері де жасатқан.

e1c42353f52eaa422f91e7311e834c6b

Зерттеушілер одан бөлек гипстен жасалған бетперделер тапты. Сақтар бұл бетпердені қызыл және қара түске бояған. Ал, өлген адамдардың ішкі ағзаларын шығарып тазалап, мәйітті майлап тастаған.

7cb780217350216cb0d324a63fce69b7

Ғалымдар тағы ағаш мүйіздерді тапты. Сақтар оны басына таққан. Олар осылайша мүйізді жануарға ұқсағысы келген.

26d059e80482d07a2681bad14505bc5b

Айта кетейік, Алтайдың Пазырық қорғанынан әлемдегі ең ежелгі кілем табылды. 2,5 мың жыл бұрын жасалған кілем қазір Эрмитажда сақтаулы.

1364f709024364de51aad3a4f5b982b5

Алан Исаев

Тағы да оқыңыз:

Қызылордада жас жігіт 20 мың теңге үшін таксисті өлтіріп кетті

Ақмола облысында ірі жол апатынан 3 адам көз жұмды

Астаналық жас тоқал көңілдесінің министрлікте лауазымды қызмет атқаратын айтты

Талқылау