Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар барабанда ойнау арқылы тілдесетін тайпаны тауып алды (видео)

Немістің тіл маманы Амазонка өзенінің бойында мекендейтін бора тайпасының тілінің құпиясын тапты. Тайпа өкілдері «мангуар» аталатын барабан арқылы 20 шақырым қашықтықтан хабарлама алмаса алады.

Ғалымдар барабанда ойнау арқылы тілдесетін тайпаны тауып алды (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тайпада бөренеден кесіп жасалған мангуар барабадары қолданылады. Олардың ұзындығы шамамен 2 метр болады. Олар тұрмыстық тілдегі түрлі сөздер мен сөйлемдерді барабанның көмегімен дыбыстап жеткізеді.

Сондай-ақ, тайпа өкілдері барабанды екі түрлі мақсатта қолданады. Бірі сөйлесу үшін болса, екіншісі музыкалық мақсатта.

Тайпа адамдар барабан арқылы тілдескенде, нақты дыбыстар зат есімдерді, өзгелері етістіктерді білдіреді.

Әдетте, мұндай хабарламалар қысқаша гұсқаулық болып табылады. Мысалы, «балық аулау» немесе «ендігі мені өтірікші деп айтпаңдар» деген сыңайдағы сөйлемдер.

Франциядағы Геробле-Альпа университетінің зерттеушілері барабан арқылы таратылған хабарламалардың 169-ының мағынасын зерттеген.

Айта кетсек, қазіргі уақытта бұл тайпада 1 500 адам қалған.

Оқи отырыңыз:

Тиматидің күзетшілері әуежайда “Мәскеу-Алматы” рейсінің жолаушысымен жанжалдасып қалды

Акула бөгеттен өтіп кетіп, 4 жасар қызға қарай секірді (видео)

22 жастағы келіншек YouTube-тегі видеоға қарап өзін-өзі босандырған

23 жастағы ер адам ауру салдарынан сәби қалпында қалып қойған (фото)

Талқылау