Ғалымдар әжім мен безеу түсірмейтін жасанды тері ойлап тапты
Массачусетс технологиялық институтының инженерлері роберт Лангердің жетекшілігімен жас теріні қалпына келтіретін мөлдір түсті гель ойлап тапты.
Силиконнан жасалған гельді бетке жақса, ол безеу мен өзге де дақтарды кетіруге көмектеседі.
Гелді жаққан соң 16 сағат ұстау керек. Гель косметикалық эффектіден бөлек ылғалдылықты сақтап тұрады. Ғалымдардың айтуынша, гель проблемалық терілерді қалыпқа келтіруге де арналып жасалған.
Адамдар гельді қолданып көрген соң , оның көз маңайындағы әжімдермен күресетініне көз жеткізген. Құрастырушылар оның жараның орнын жазуға да таптырмайтын құрал екенін айтады. Сондай-ақ, көрінбейтін макияж ретінде қолдануға болады.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде