Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әлемдегі ең сұлу келбетті анықтады

Лондондағы пластикалық хирургия орталығының дәрігерлері америкалық актриса Эмбер Хердтің бетін әлемдегі ең сұлу деп таныды. Зерттеушілер компьютерлік картография әдісіне сүйенді.

64f7d271-77b6-44b3-9c5a-9956550ecef6

“Біз компьютерлік картографияның жаңа әдісін құрастырдық. Ол адамның бет-әлпетінің үйлесімділігін дұрыс болуы үшін қандай өзгерістер енгізу керектігін көрсетеді”, – деді орталық басшысы доктор Джулиан Де Силва. Технология көмегімен 30 жастағы Херд беті идеалды деп есептелетінмен 91,85 пайыз сәйкес келеді.

Әдістемеге сүйеніп хирургтар өзге белгілі тұлғалардың беттерін де идеалды деп тапты. Олардың ішінде Ким Кардашьянның қасы, актриса Скарлетт Йохансонның көзі, Рианнаның бет пішіні, модель Эмили Ратаковскидің ерні мен супермодель Кейт Мосстың маңдайы.

Талқылау