Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар 700 жыл бұрын өмір сүрген кедейдің қаңқасынан оның түр-әлпетін жасады

Кембридж университетінің археологтары 700 жыл бұрын өмір сүрген адам қаңқасын тауып, оның бас сүйегіне сүйене отырып оның бет-әлпетін жоғары деңгейде жасап шығарды.

bet alpetin

Ер адамның сүйектерінің қалдықтары британдық Old Divinity School колледжі ғимаратының астында орналасқан зираттан табылды. Бұл туралы Gizmodo басылымы хабарлады.

Тұтастай болып сақталған қаңқа 2010 мен 2012 жылдары аралығында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Бұл жерде бұрын әулие Иоанн Богословтың ауруханасы болған. Кезінде онда тек қана кедейлер жерленген екен.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қаңқа өмірінің көп бөлігін физикалық еңбекке жұмсаған 40 жастағы азаматқа тиесілі. Ал тістен алынған анализ оның көбінесе етпен және балықпен қоректенгенін көрсетіп отыр.

Ғалымдардың пікірінше, кедей саудамен айналысқан болуы мүмкін. Сондықтан да өзге кедейлермен салыстырғанда оның азық-түлікке қолы оңай жеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Обама Қырғызстан президенті болуды армандайды

Британиялықтар қазақтың ұлттық тағамдарын даярлауды үйреніп жүр

Селфи жасау үшін достарды жалға беретін қызмет түрі пайда болды

Австралиялық жігіт өзінің исламға қалай келгені жайында ғажап оқиғасымен бөлісті

Талқылау