Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Обама Қырғызстан президенті болуды армандайды

Обама, Билл-клинтон-бек және Усама бен Ладен. Қырғызстандық ата-ана өз ұлының есіміне танымал саясаткерлер мен терроршының атын қосып атайды.

Безымянный

Бұл туралы “Настоящее время” хабарлайды.

Балаларына бірнеше адамның есімін берген ата-ана ұлдарынан үлкен үміт күтеді. Ол бұл күндері өзінің аттасы болған Американың бұрынғы президентіне хат жазып жатыр. Президенттік қызметтен босаған саясаткердің бос уақыты болып, жауап қайтарар деген үміті де жоқ емес.

“Оның тақырбас, ақылды және мейірімді болғаны ұнайды. Ұшақ құлаған кезде де Обама көңіл айтты,” – дейді Обама Теңізбаев.

Сегіз жастағы Обаманы үйіндегілер “біздің президент” деп атайды екен. Баласына Обама деп есім берген әкесі Әнуар екен. Облыс орталығындағылар оның есімін естіген сайын әлі күнге таңғалыспен қарайды.

“Қырғыздар баласы перзентханадан шығамын дегенше тойлауды бастап кетеді. Мен бала туған күні бірден АХАЖ-ға бардым. Ол баланың атын сұрады. Ал мен болсам “Ол баланы Обама деп атаса бола ма?” дедім. Ол кезде Барак Обаманың енді ғана президент болып, әлемге танылып жатқан кезі еді. Тіркейтін әйел келісіп, келіншегім ренжімей ме деп сұрады”, – дейді баланың әкесі.

Обама да өзінің келешек те президент болатынына еш күмәнданбайды. Ал егер саяси мансап жолында арманына жете алмай жатса, онда әке арманын орындап әртістік жолға түспек.

Адам шошырлық жағдай: Ата-анасы сәбилерін кір машинасының ішіне салып “тербетті”

АҚШ-тың танымал шоуында 5 жасар америкалық бала Қазақстанның туын бірден таныды (видео)

Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен секспен айналысқанын байқап қалды (видео)

Лай көшкінімен ағып бара жатқан әйел күш-жігерінің арқасында жағаға шықты (видео)

Талқылау