Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: 2050 жылға қарай көзі көрмейтін адам саны 3 есеге артады

Қазір әлемде зағип жандар саны 36 млн. 2050 жылға қарай олардың саны 115 млн-ға жетуі мүмкін.

_97170234_gettyimages-526443927-1

Әсіресе егде жастағы адамдардың көзі көрмейтін болады. Әлемде көз жанары нашар көретін жандардың көбі Оңтүстік Азия мен Африканың субэкваторлық аймақтарында.

Қазіргі уақытта көз жанары нашар жандар саны азайып келеді. Алайда ғалымдар көзі көрмейтіндер саны айтарлықтай өсе беретінін айтады.

188 елдің қорытындысы бойынша әлемде 200 млн адам көз жанарынан зардап шегуде.

2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 550 млн-ға жетеді.

«Көзі аз да болса көрмейтін жандар көп нәрседен қиналады. Мәселен, олар көлік жүргізе алмайды», – дейді профессор Руперт Бурн.

Зерттеу авторлары үкіметтен көз ауруларын емдеу мен профилактикаға көп қаражат бөлуді сұрады.

Көз көрмеу зардабы әлемдік деңгейде:

Оңтүстік Азия – 11,7 млн, Шығыс Азия 6,2 млн, Оңтүстік-Шығыс Азия 3,5 млн, Субэкваторлық Африка халықтың 4 пайызы, Батыс еуропа елдерінде халықтың 0,5 пайызы.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ-та ерлі-зайыпты Ресейден асырап алған баласын зорлап келген

Үндістан тұрғындары адасып қалған әжейді мыстан деп ойлап ұрып өлтірді

Екіқабат дәрігер өзге емделушіні босандырып, 5 минуттан соң өзі де қызын өмірге алып келді

Талқылау