Ғалымдар құбыр суының қатерлі дерт тудыруы мүмкін екенін ескертті
Америкалық ғалымдар құбыр суын зерттеп, оны пайдалану қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін деп тапты.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының зерттеушілері Америка Құрама Штаттарында судағы химиялық заттардың шамамен 100 мың ісік ауруы тудыратын жағдайға әкелуі мүмкін екенін анықтады. Барлығы шамамен 22 элемент есептелген, олар ұзақ қолданған жағдайда адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Зерттеуде судағы тұздар мен металдардың адам денсаулығына әсерін бағалайтын тәсіл қолданылды.
Қатерлі ісікке шалдығу қаупінің көп бөлігі судың мышьякпен ластануымен, жанама өнімдермен, уран және радий сияқты радиоактивті элементтермен байланысты.
Сонымен қатар, құрамында осы заттар бар су мемлекеттік стандарттарға сай болуы мүмкін дейді ғалымдар. Олар сүзгіден өткен судың ағзаға зиянды әсер қаупін азайта алатындығын атап өтті.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"