Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирус індетінің басталған жерін тапты

Ғалымдар коронавирустың алғаш шыққан жерінің Қытайдың Ухань қаласындағы теңіз өнімдерін сататын базар екенін дәлелдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Cell ғылыми журналына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: TASS

Бұл туралы американдық Cell ғылыми журналында жарияланған мақалада айтылған. Зерттеуге АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің бір топ ғалымы қатысқан.

"Хуанан базары 12 миллионнан астам халқы бар Уханьдағы жабайы жануарлардың ең көп сатылатын жері және төрт тұрақты тірі жануарлар базары. 2019 жылы күздің соңында бірнеше сатушылардың бамбук егеуқұйрықтары, малайлық кірпілер және азиялық борсықтар сияқты тірі жануарларды заңсыз сатқаны анықталды", – делінген мақалада. 

Ғалымдар базардан алынған генетикалық материал үлгілерін зерттегеннен кейін олардың коронавирустың ортақ шығу тегінің генетикалық сипаттамаларына сәйкес келетінін анықтады. 


Париж олимпиадасының жүлдегерлері коронавирус жұқтырып келген


Жануарлар ұсталған торлардан, оларды тасымалдауға арналған арбалардан және канализациялық сулардан коронавирус іздері табылған. Алынған үлгілер пандемияның шығу тегімен генетикалық түрде сәйкес болды.

Ғалымдар вирустың таралуының екі гипотетикалық нұсқасын ұсынады: жануарлардан (нақты қандай түрді анықтау мүмкін болмады) адамдарға жұғуы немесе керісінше адамдар оны базарға әкелген болуы мүмкін.

Сондай-ақ індет ошағынан жарқанаттардың генетикалық материалы табылмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылғы есебінде бұл жануарлардың инфекция көзі болуы мүмкін екенін, COVID-19 таралуының ең ықтимал сценарийлерінің бірі деп атаған еді.

Еске салсақ, бұған дейін әлем бойынша коронавирустың жаңа нұсқасы тарағаны туралы жазған едік. 

Талқылау