Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирус ауада қанша уақытқа дейін өмір сүретіндігін анықтады

Қытайдың ғалымдары коронавирус ауада 30 минут қана өмір сүретіндігін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зерттеушілердің айтуларынша, ауруды жұқтырмау үшін адамдар бір-бірінен төрт метр қашықтықта болуы тиіс. Бұған қоса сарапшылар жұқпалы инфекция вирусы адам жөтелген немесе түшкірген жерде бірнеше күнге дейін сақталып қалатындығын жеткізді. Сөздерінше, микроб тиген затты міндетті түрде тазартып тұру шарт. 

Тәжірибе автобуста коронавирусты жұқтырмаған адамдарға негізделіп жасалған. Яғни бейнебақылау камерасы орнатылған қоғамдық көліктердің бірінде сырқаттанған адам отырған көрінеді. Бұған қоса ол медициналық маска кимепті. Ғалымдар вирусты тасымалдаушы автобустан түсіп кетсе де, инфекция ол жерде сақталып қалатындығын алға тартты. 

Автобустың барлық жолаушысы коронавирус жұқтырыпты. Зерттеушілер бұл жағдайды олардың маска кимеуінде және ауру тасымалдаушымен біргі бір жерде тығыз отыруында деп түсіндірді. 

Атап кетерлік жайт, вирустың өмір сүру ұзақтылығына әртүрлі факторлар әсер етеді: ауа температурасы, жабық кеңістік т.с.с. Мысалы Цельсий шкаласы бойынша 37 градус температурады коронавирус әйнек, мата, металл, пластик және қағаз бетінде екі-үш күнге дейін сақталады. Жұқпалы микробтар, әсіресе, жабық жерде тез таралып кетеді. Бұған қоса коронавирус адам нәжісінде бес күнге дейін сақталады. 

Сарапшылар қолды жиі жуып тұру керек екенін айтып, бетті қолмен көп ұстамауға кеңес берді. 

 

Талқылау