Ғалымдар кешкі ас ішуге ыңғайлы уақытты атады
Ғалымдар қандағы қант деңгейін төмендету үшін кешкі асты қай уақытта ішу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі mdpi.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кешкі ас ішу ашқарындағы таңғы глюкоза деңгейіне тікелей әсер ететіні анықталды. Бұл предиабеті (қандағы қант деңгейі қалыптыдан жоғары болуы) бар адамдар үшін негізгі факторлардың бірі.
Мұны Каталония университетінің зерттеушілері анықтады. Ғылыми жұмыс Nutrients журналында жарияланған. Зерттеуге артық салмағы бар және предиабет диагнозы қойылған 50–75 жас аралығындағы 33 ерікті қатысты. Бәрі диетада болып, үздіксіз глюкоза мониторингіне арналған құрылғыларды тағып жүрді. Ғалымдар кешкі астан 10 сағат өткен соң қандағы қант деңгейін тіркеп отырған.
Маман дәретханаға телефонмен баруды әдетке айналдырған адамдарға ескерту жасады
Маман мінсіз жұп болу үшін ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы қанша болу керегін айтты
Талдау нәтижесі көрсеткендей: кешкі ас неғұрлым кеш және көмірсуға бай болса, таңғы глюкоза деңгейі соғұрлым жоғары болған. Сонымен бірге ағзаның инсулинге сезімталдығы мен адамның хронотипі үлкен рөл атқарады.
"Предиабеті бар адамдардың тамақтануында ас мәзірінің құрамын ғана емес, тамақтану уақытын және биоритм ерекшеліктерін де ескеру қажет. Мұндай тәсіл қант диабетінің даму қаупін азайтуға көмектеседі", – деді зерттеу авторы Диана Диас-Риццоло.
Ғалымдардың айтуынша, заманауи технологиялар глюкоза датчиктері, мобильді қосымшалар мен жасанды интеллект алгоритмдері зат алмасуды жеке бақылауға және тамақтану мен емді дәл реттеуге мүмкіндік ашады.
Айта кетейік, бұған дейін Дәрігер бір рет ұйқы қанбаудың денсаулыққа әсері туралы айтқан еді.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
