Ғалымдар кашалоттардың ерекше әліпбиден тұратын тілде сөйлесетінін анықтады
Ғалымдар Доминикан Республикасы жағалауында жүргізген зерттеу кезінде кашалоттардың сөйлесу тілін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: sotni.ru
Жаңа деректерді талдау нәтижелері олардың байланыс жүйесі біз ойлағаннан да күрделі екенін көрсетеді. Осылайша, кит тұқымдастарының әрбір тобы белгілі бір дыбыстар жиынтығынан және ерекше фонетикалық әліпбиден тұратын өз тілінде сөйлескен.
Кашолоттар Морзе кодына ұқсас шерту дыбыстары арқылы байланысады. Әр рудың өз диалектісі бар. Сарапшылар жануарлардың “диалогтардың” ұзақтығын өзгерткенін және кейде адамның сөйлеуіндегі жұрнақ сияқты соңында қосымша шертуді қосқанын анықтады.
Зерттеу жасанды интеллект көмегімен жүргізілді. Ол үшін олар 60 кашалоттың дыбыстарының жазбаларын зерттеді.
Еске салайық, Индонезияда сумартандық орангутанг дәрілік өсімдіктің көмегімен бетіндегі жарасын емдеп алғаны туралы жазған едік. Ғалымдар жабайы табиғатта жануарлардың өзін өзі емдеуі алғаш рет тіркелгенін айтты. Уақыт өте зерттеушілер Ракустың безгек пен қант диабетін емдеу үшін жергілікті жерде қолданылатын қабынуға және бактерияға қарсы “акар кунинг” деп аталатын өсімдіктің сабағы мен жапырақтарын шайнап жатқанын байқаған.