Ғалымдар адамның миы 30 жастан кейін ғана толық қалыптасатынын анықтады
Фото: Andrew Brookes/Getty Images/Image Source
Кембридж университетінің нейробиологтары 0-ден 90 жасқа дейінгі шамамен 4000 адамның МРТ нәтижелерін талдап, адамның миы біркелкі емес, секірмелі түрде дамитынын анықтады. The Guardian басылымының мәліметіне сәйкес, зерттеушілер ми эволюциясының бес кезеңін және төрт негізгі жас межесін белгіледі: шамамен 9, 32, 66 және 83 жас. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғалымдар 3802 МРТ-суретті салыстырып, адамның өмір бойы ми бөліктерінің бір-бірімен байланысы қалай өзгеретінін зерттеді. Зерттеу нәтижесі ми дамуы үздіксіз жүрмейтінін көрсетті – белгілі жас кезеңдерінде күрт өзгеріп отырады, дәл осы кезеңдер өмірді бес ірі кезеңге бөледі.
Бірінші кезең – балалық шақ, туғаннан 9 жасқа дейін. Бұл уақытта ми күн сайын қайта құрылады. Нәрестеде нейрондар арасында аса көп байланыс бар, ал уақыт өте келе ми пайдаланылмайтындарын қысқарта бастайды. Сұр және ақ заттардың көлемі жылдам өсіп, ми қыртысы қалыңдайды. Алайда осы сәтте жүйке байланыстарының жалпы тиімділігі сәл төмендейді – ми дұрыс схеманы қалыптастыру үшін жылдамдықтан бас тартатын тәрізді.
Ең маңызды кезеңдердің бірі – шамамен 32 жас. Дәл осы тұста ми тұрақты “ересек режимге” өтеді. Нейрондық желінің құрылымы орнығып, байланыстар реттеледі және бірнеше “модульдерге” бөлінеді, яғни бір-бірімен тығыз әрекеттесетін аймақтар топтастырылады. Бұл ең ұзаққа кезең, ол 30 жылдан астамға уақытқа созылады.
Келесі межелік – 66 жас. Осы жастан кейін ми бөліктері арасындағы байланыстар әлсірей бастайды. Зерттеушілер мұны ақ заттың – ми аймақтарын біріктіретін “өткізгіштердің” біртіндеп деградациясымен байланыстырады. Нәтижесінде жүйе әлсізденіп, ми түрлі орталықтардың жұмысын жылдам үйлестіруде қиналады.
83 жас – соңғы күрт өзгеріс кезеңі. Бұл уақытта байланыстардың нашарлауы күшейе түседі, ал ми құрылымындағы өзгерістер қартайған шақтағы неврологиялық ауруларға тән үрдістерге ұқсай бастайды, мысалы деменцияға. Дегенмен, бұл жасқа жеткеннің бәрі деменцияға шалдығады деген сөз емес, алайда ми әлдеқайда осал болады.
“Көп адам өмірін кезеңдерге бөлінеді деп қабылдайды және ми да дәл солай, өз дәуірлерімен өмір сүретін секілді”, – деп түйіндеді зерттеу авторларының бірі, профессор Дункан Астл.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер ұйқыдан оянған соң не істемеу керегін айтқан еді.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды