Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаділбек: Ата-анаңның разылығын алсаң, Алла жолыңды өзі ашады

Әнші Ғаділбек Жаңай ата-анаға жақсылық жасау туралы сөз қозғады. Ол ата-ананың разылығын алмайынша, адамның өзге әрекеттерінің еш кетуі мүмкін екенін тілге тиек етті.

18160763_601217910080554_4000579435689410560_n

Бұл туралы Ғаділбек Zhuldyz TV арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Жасаған жақсылығың да, жамандығың да өзіңе қайтады. Алла қалап кешіріп жатса, ол басқа дүние. Алла кешірімді ғой. Дегенмен кешіреді екен деп әрқашан зиянды дүниелер жасай беру керек деген сөз емес.

Алланың разылығы – ата-ананың разылығында деп шариғатымызда айтылған. Бұл не деген? Ата-анаң разы болмаса, Жаратқан да саған жақсылық танытпайды деген сөз. Сенің біреулердің алдында алған ұпайың, басқа біреулердің алдында жақсы көрінгенің келгені, басқа біреулерге жасағат ғибадат, жақсылықтарың текке кетуі мүмкін. Себебі сенің ең жақын адамдарың саған риза емес. Оған келтірілген мысалдар өте көп. Адамдар мұның соншалықты арты қиын екенін ойламайды. Аса мән бере бермейміз. Біз бер жағын ғана ойлаймыз, дүние, атақ, ақша деген нәрселердің екі жерде орны бар. Қолымызда немесе жүрегімізде. Соны өзіміз реттеп алсақ, мұның барлығы да реттеледі.

Ақша дүние қалтаңда тұрса, көбіміз ойлаймыз ол менікі деп. Негізінде ол біздікі емес. Себебі ешқайда жаратылған жоқ. Сен пайдаңа, жақсылыққа, жанұяңа, ізгі дүниелерге жарататың болсаң, ол сенің қияметіңе дейді. Сен өзіңе, болашағыңның қамын жасап жатсың. Соны жөндеп алған кезде өмір де жөнделеді. Ата-анамызға деген көзқарасымыз да жақсарады. Соны сезген кезде ата-анамыздың батасынан артық, кофеге қарап, басқа нәрсеге қарап жол ашудың қажеті жоқ. Сол кісілердің ризашылығын алу керек, ешкімге зиянымыз тимеу керек. Алла өзі реттейді жолыңды”, – дейді Ғаділбек.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдардың бозбала шақтағы суреттері жұртты сүйсіндірді (фото)

Баян Мақсатқызы: Мен біреудің иті, ал Тұрсынғали біреудің бұзауы емес

Гүлзира Айдарбекова “Қайрат фонограммамен айтады” деп сынайтындарға жауап берді

Жаңа бейнебаян: Қайрат Нұртас сүйіктісінің көзіне шөп салды (видео)

Талқылау