Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Неге әрбір жаңа шыққан әншіні Қайратпен салыстырады

Гүлзира Айдарбекова гәстрөлдік сапарда жүрген кезде Қайрат Нұртастың тек жанды дауыста ән салатынын айтып мақтанды. Мұнымен қатар, әрбір жаңа шыққан әншіні Қайратпен салыстыратындарға ашуы келетінін жасырмады.

19623704_288890138249873_2414605544087093248_n

Сурет: Қайрат Нұртастың жеке парақшасынан

Бұл туралы Гүлзира Үсенқызы қырғызстандық телеарнаға берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қанша жерге жанды дауысты концерт берсек те, жұрт Қайрат Нұртас фонограммамен ән салды деп ойлайды. Ол жанды дауыста ән салады. Осы күнге дейін Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, түрлі жүлде иеленді. Қытайға дейін барып қайтты. Ал ол жақта фонограммамен ән айтуға болмайтынын өздеріңіз білесіздер. Тіпті, ән айтып тұрған сәтінде оның микрофонын тартып алсаңыз, жанды дауыста айтып тұрғанын байқайсыз. Аспаптармен елді аралап шықса да, көре алмайтын адамдар осылай өтірік сөз таратады”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Мұнымен қатар, продюсер ханым ұлын өзге әншілермен салыстырған кезде, көңіліне қаяу түсетінін жасырмады. Айтуынша, мұндай қара пиардың өздеріне қажеті жоқ.

“Жақында бір әншімен салыстырды. Мен “Неге жаңа әнші шықса, оны Қайратпен салыстыру қажет?” деп сұрап жатырмын. БАҚ-та бұл сөздерімді “Ешкім Қайратпен теңеспейді” дегенге келтіріп бұрмалап жазыпты. Кейін адамдар мұның қара пиар екенін түсінді”, – дейді Гүлзира ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Анасы: Қайрат адам тірі қалуы мүмкін емес жол апаттарынан аман шықты

Той әніне клип түсірген Асхат Тарғын жұрттан ұрыс естіп қалды (видео)

Ернардың клипі 3 күнде миллион рет қаралып, Еркенің рекордын бұзды (видео)

Мейрамбек пен Қайрат бірлесіп түсірген бейнебаян жарыққа шықты (видео)

Талқылау