Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлвира Дөненбаеваның шаш үлгісінен кейін желідегілер екі топқа бөлінді

Гүлвира Дөненбаеваның шаш үлгісі жұртты қайран қалдырды.

1366631

Фото: Sputnik

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Астана ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева теледидар арқылы мәлімдеме жасаған-ды. Аталған мәлімдемеден кейін жұрт жаңалықты емес, оның шаш үлгісін талқыға салды. Бірі мұны ақырзаманға баласа, енді екіншілері жақтай түсті. Әсіресе, әйел қауымы Дөненбаеваның шашына тиіспеуді сұрады.

“Тыңдаңдаршы, бұл сәнқой әйелге неге сонша тиістіңдер? Жалғыз өзім бұл шаш үлгісінде тұрған не бар екенін түсінбей отырмын. Меніңше, шаш үлгісі керемет. Ал оны әңгіме қылғандар – ақымақтар. Алдымен өздеріне қарап алсын. Бәлкім Гүлвира Рамштайнның жанкүйері шығар”, – дейді журналист Роза Есенқұлова.

Тағы бір желі қолданушысы кезекті жазбасын Дөненбаеваның шаш үлгісіне арнады. “Әйелдің шаш үлгісі керемет. Көзді жалықтырмайды. Бастысы оның бойында батылдық пен бірегейлік бар. Көреалмайтындар аулақ жүріңдер! Дәл мұндай шаш үлгісін жасатуға сендердің дүниетанымдарың да жетпейтін шығар. Әлемді стереотиптермен бағалауды доғарыңдаршы! Көздеріңді ашыңдар!” – дейді Диана Окремова.

Жоғарыдағы жазбалардан кейін өзге желі қолданушылары да батылдана түскендей. Олар да өз кезектерінде Дөненбаеваның бірегей шаш үлгісіне қайран қалғандарын жеткізіп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Өз әйелін зорлаған еркек 5 жылға шартты түрде сотталды

Алматыда ер адамды пойыз қағып кетті

Атырауда дұға үшін ақша талап еткен имам жұмыстан қуылды

Қарағандыда BMW автокөлігі жанармай құю стансансына кіріп кетті (видео)

Талқылау