Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына қатысатын құрамы жарияланды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі ойынына шақыртылған ойыншылар тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңі аясында топтық кезеңде екі ойын өткізеді. Отандастарымыз Астанада 7 наурызда Албания құрамасына қарсы ойнайды. Топтағы соңғы матч сырт алаңда болады. 12 наурызда ұлттық құрама Ереванда Арменияға қарсы алаңға шығады.

Бас бапкер бұл жолы құрамаға жарақатына байланысты Лео Игита мен Дуглас Жуниорды шақырған жоқ.

Олай болса, футзалдан ұлттық құрама сапына шақырылған ойыншылар:

Қақпашылар:

Рауан Атантаев (Семей), Нарун Серіков (Қайрат), Рауан Сисенғалиев (Аят)

Алаңдағы ойыншылар:

Асхат Көлбаев (Ақтөбе), Арнольд Кнауб, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангір Рашит, Дамир Қайырбай (барлығы да Қайрат), Нұрсұлтан Пиялы (Ордабасы), Ақжол Дәрібай, Шыңғыс Есенаманов, Ержан Карменов (барлығы да Семей), Азат Валиуллин (Аят), Александр Дерябин (Тюмень, Ресей), Лео Мендонка (РФШ, Латвия).

Талқылау