Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ойсырата ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Жаңа Зеландия құрамасын ірі есеппен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының топтың кезеңі аясында Жаңа Зеландияға қарсы ойнап, 10:0 есебімен ойсырата ұтты. D тобындағы бұл матчта Қазақстан құрамасы сапынан Ринат Төреғазин мен Ақжол Дәрібай бір-бір голдан соқса, Арнольд Кнауб пента-трик, Лео дубль жасады. Матчтың 30-минутында Жаңа Зеландия Логан Вишневский өз қақпасына автогол соғып алды. Осылайша Қазақстан құрамасы D тобында 7 ұпай жинап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл топта Испания да 7 ұпай еншіледі, тек испаниялықтар гол айырмасы бойынша Қазақстаннан басым түсті.

Айта кетейік, енді әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы Е тобында сынға түсіп жатқан Португалия немесе Мароккомен ойнайды. Ойын 26 қыркүйекте сағат 20:00-де өтеді.

Талқылау