Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын ұтып, ширек финалға шықты
Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының плей-офф кезеңі аясында Португалия құрамасына қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы өз жолында әлем чемпиондары болған Португалия құрамасын жарыстан шығарып, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Қазақстан құрамасының сапында Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, матчтың соңғы секундтарында Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты.
Айта кетейік, Ташкентегі әлем чемпионаты 6 қазанға дейін жалғасады. Қазақстанның қарсыласы енді анықталады.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

