"Футболды халық ақшасынан қаржыландыруға қарсымын" – Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов футболды бюджеттен қаржыландыруға қарсы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат журналистердің “Астана” футбол командасына қатысты сұрағына жауап берді. Ол бір қаланың бір командасын қаржыландырсақ бүкіл елдегі барлық клубтарды қаржыландыруға тура келетінін атап өтті.
Сол себепті “Астана” командасына артықшылық беріп, бүкіл халықтың ақшасына қаржыландыру дұрыс емес екенін жеткізді.
“Менің жалпы ойым – футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс емес. Барлық елдерде футбол – бұл бизнес, адамдар футбол арқылы ақша табады. Сол себепті біз футболды қаржыландыруымыздың қажеті жоқ.
Әсіресе құрамында легионерлер ойнаса. Ал "Астана" клубы басқа командалардан қандай артықшылыққа ие? Егер біз осы клубты қаржыландыратын болсақ, онда басқа командаларды да дәл солай қаржыландыруымыз керек.
Сондықтан "Астана" командасына артықшылық беріп, бір қаланың бір командасын "Самұрық-Қазына" бүкіл халықтың ақшасына қаржыландыруға мен қарсымын. Бұл әділеттілікке жатпайды”, – дейді Мұрат Әбенов.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі біраз клуб жекенің қолына өтті. Астаналық "Жеңіс" клубын Kaspi.kz компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе сатып алды.
"Шахтер" клубының жаңа иесі – кәсіпкер Тимур Турлов. Петропавлдың "Қызылжар" командасы Сергей Канға тиесілі болды. Ал "Ақтөбенің" жаңа басшысы – Qazaq Stroy компаниясының жетекшісі Нұрлан Артықбаев. Қызылордалық "Қайсар" клубын 30 қазаннан бастап ресми түрде "TAU Group LTD" компаниясының басшысы Исламғали Қозыбақов басқармақ. Ал шымкенттің “Ордабасы” клубы кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің иелігіне өттію
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған