Футболдан Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыластар анықталды
21 ақпанда Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Топтық кезеңнен сүрінбей өткен 8 команда плей-оффқа тікелей жолдама алған еді. Қалған 8 команда іріктеу кезеңі арқылы өтті. Ендеше, 1/8 финалда футбол жанкүйерлері төмендегі матчтарды тамашалайды:
“Бетис” – “Витория”
“Целе” – “Лугано”
“Борац” – “Рапид”
“Мольде” – “Легия”
“Ягеллония” – “Серкль”
“Панатинайкос” – “Фиорентина”
“Пафос” – “Юргорден”
“Копенгаген” – “Челси”
Алғашқы ойындар 6 наурызда өтеді. Ал жауапты матчтар 13 наурызға жоспарланған.
Конференция лигасының финалы 28 мамырда Польшаның Вроцлав қаласында болады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

