Футболдан әлем чемпионатында Германия қатарынан екінші рет плей-офқа өте алмады
Футболдан әлем чемпионатында Германия топтық кезеңнің үшінші матчында Коста-Риканы жеңгенмен плей-офқа өте алмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Осылайша немістер әлем біріншілігінде қатарынан екінші рет плей-офқа өте қалып отыр.

“Әл-Байт” стадионында өткен матч 4:2 есебімен аяқталды. Германия құрмасынан Серж Гнабри (10-минут), Кай Хаверц (73, 85) пен Никлас Фүллкруг (91) гол салды. Коста-Рикадан Ельцин Техеда (58) мен Хуан Варгас (70) есепті қысқартты.
Е тобында екінші тұрған Германия үш ойында 4 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты. Бірінші орынға Жапония құрамасы (6 ұпай) көтерілсе, олардан үшінші ойында жеңіліп қалған Испания (4 ұпай) екінші орын алды. Екі команда плей-офқа өтті. Ал Коста-Рика 3 ұпай жинады.
Осылай әлемнің төрт дүркін чемпионы – Германия қатарынан екінші рет әлем кубогында плей-офқа өте алмай қалды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

