Футболдан ӘЧ: турнир фавориттерінің бірі болған Бельгия өз тобынан шыға алмады
Футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасы Хорватиямен тең түсіп (0:0), плей-офқа өте алмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

sport.bigmir.net
Роберт Мартинестің командасы топтық кезеңнің үшінші ойынында Хорватияны жеңе алмай F тобында үшінші орынға жайғасты. Құрама оның алдында Канаданы жеңіп, кейін Мароккодан жеңіліп қалған еді. Үш ойында 2018 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесін алған Бельгия төрт-ақ ұпай жинады.
Топтан бірінші орын алған Марокко (7 ұпай) мен екінші орындағы Хорватия (5 ұпай) плей-офқа өтті.
Турнир басталар алдында сарапшылар Бельгияның қазіргі құрамасын “алтын” буын деп атаған еді.

