Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатында 64 команда ойнауы мүмкін

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Джанни Инфантино 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысушы командалар санын арттыру мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Catherine Ivill - AMA / Cont / Getty Images Sport 

Уругвайлық ФИФА делегаты Игнасио Алонсо 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысушы командалар санын арттыру туралы ұсыныс жасады. Бұл мәселе тек 2030 жылғы турнирге қатысты қарастырылуда. Себебі, 2030 жылы футболдан алғашқы әлем чемпионатының ұйымдастырылғанына 100 жыл толады.

Бұл бастама ФИФА-ның әлемдік аренадағы ықпалын кеңейтуге және коммерциялық келісімдерді көбейту арқылы кірісті арттыруға бағытталған. Инфантино бұл идеяны "назар аударуға тұрарлық" деп бағалады.

Бұған дейін ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізетін елдер ретінде Марокко, Португалия және Испанияны бекітті. Сондай-ақ, Уругвай, Аргентина, Парагвай бір-бір матчтан қабылдайды.

Айта кетейік, 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына 48 мемлекеттің құрамасы қатысады.

Талқылау