Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдағы рекорд: Австралия — Америкалық Самоаны 31:0 есебімен жеңді

Фото:Matchtv_channel

Австралия командасы Америкалық Самоаны 31:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футбол әлеміндегі ең ірі жеңістердің бірі 2001 жылы тіркелді. 2002 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Австралия құрамасы Америкалық Самоа командасын 31:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл – футбол тарихындағы ең ірі есеппен аяқталған ресми матч болып саналады.

Ойын барысында австралиялық шабуылшы Арчи Томпсон бір өзі ала допқа иелік етіп, 13 гол соқты. Осылайша Арчи Томпсон бір матчта ең көп гол соққан, сұрмерген атанды. Нәтижесінде ол бір ойында ең көп гол соққан футболшы ретінде тарихқа енді. Осы ойында Америкалық Самоа өте әлсіз құраммен шықты. Команданың негізгі ойыншылары виза мәселелеріне байланысты матчқа қатыса алмады.

Сол себепті алаңға негізінен жас әрі тәжірибесі аз ойыншылар ойнады. Австралия ойынның басынан аяғына дейін ойын тізгінін өз қолдарында ұстап, сәт сайын есепті өсіріп отырды. Ал Самоа құрамасы үшін бұл үлкен сабақ болды. Бұл кездесу футбол тарихындағы ең есте қаларлық ойындардың бірі ретінде қалды. Қазіргі күнге дейін бұл рекорд жаңартылған жоқ.

Авторы:Ақерке Өмірхан

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 19:10
Талқылау