Футбол тарихында "Алтын допты" жеңіп алған жалғыз қақпашы кім екенін білесіз бе?
Фото:Ашық дереккөзден
Әлем футбол тарихында "Алтын доп" (Ballon d’Or) жүлдесін жеңіп алған жалғыз қақпашы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол – Кеңес дәуірінің аты аңызға айналған қақпашысы ресейлік Лев Яшин. Оған ерекше шапшаңдығы мен қақпаны тамаша қорғайтын шеберлігі үшін "Қара өрмекші" деген лақап ат берген.
Лев Яшин 1963 жылы "Алтын допты" жеңіп алып, бұл марапатқа ие болған тарихтағы алғашқы әрі әзірге жалғыз қақпашы. Сол уақыттан бері бұл атаққа басқа бірде-бір қақпашы ие болған жоқ.
Яшин әрқашан қара форма киіп, қақпаның төрт бұрышына бірдей үлгеретін ерекше қабілетімен танылды. Ол бүкіл мансабын тек бір ғана клубта — Мәскеудің "Динамо" командасында өткізді. Мансабы барысында 150 матчта қақпасын голдан "құрғақ" сақтап, керемет нәтижелерге қол жеткізді.
Айта кету керек, Лев Яшин тек футболмен шектелмей, хоккей спортында да жоғары деңгейде өнер көрсеткен. Дегенмен, ол өз өмірін футболмен байланыстырған.
Авторы:Ақерке Өмірхан

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
