Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom жаңа валютасы инвестор болуға мүмкіндік ашады

Өз болашағыңызға сенімді болу үшін дамушы компанияға инвестиция құю қазіргі заман талабы деуге болады. Инвестор болу үшін брокер тауып, акциялардың құнын бақылап, қажет компанияны іздеп отыру керек.

Freedom Bank ұсынып отырған Freedom валютасы бұл кедергілердің барлығын айналып өтіп, Freedom Holding Corp. компаниясы акцияларының иегері болғысы келетін кез келген адамға мүмкіндік береді.

Freedom валютасы дегеніміз не?

Бүгін Алматыда Freedom Bank жаңа Freedom валютасын таныстырды. Жаңа валюта кез келген адамға Freedom Holding Corp. компаниясы акцияларының иесі атануға мүмкіндік береді. Яғни Freedom Bank төлем карталары мен мобильді қосымшасы арқылы жасалған әрбір операциядан биржалық нота (ETN) түрінде кешбэк жинаймыз. ETN – АХҚО ("Астана" халықаралық қаржы орталығы) құқығына сәйкес тіркелген және шығарылған, оған тиісті салық жеңілдіктері қолданылатын, AIX биржасында саудаланатын қаржы құралы.

"Freedom валютасын іске қосу арқылы біз өз клиенттерімізге кешбэк алып қана қоймай, сондай-ақ  соңғы төрт жылда жүздеген пайызға өскен холдинг акцияларының құнының өсуінен ақша табу мүмкіндігі арқылы қосымша құндылық бергіміз келеді. Клиент біздің экожүйемізде ақша жұмсаған сайын, біз оған осы кешбэк арқылы табысымыздың бір бөлігін қайтарамыз", – дейді Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов.

Жаңа валютаны қалай қолдануға болады?

Ол үшін Freedom Bank-тің мультивалюталық: Freedom немесе Deposit картасының біреуі болуы керек немесе картаны Freedom SuperApp мобильді қосымшасында онлайн тегін ашу жеткілікті.

Осы кезде Freedom валютасы іске қосылып, сізге бірнеше валютамен операциялар жасау мүмкіндігі пайда болады. Осы валюталардың қатарында жаңа Freedom валютасы да бар. Сіздің төлемдеріңіз үшін, кез келген тауарды онлайн-оффлайн сатып алу кезінде банк картасымен төлегеніңіз үшін кешбэктер түсіп отырады. Түскен кешбэк жаңа валютаға айналып, сіз автоматты түрде компания акционеріне айналасыз.

Айта кетейік, мобильді қосымша арқылы валютаны теңге, доллар, еуро, дирхам, түрік лирасы, юань және рубльге айналдыра аласыз. Қазір 1 Freedom валютасы – 3,3 теңге. Ал компания акцияларының биржадағы бағасы өскен сайын бұл баға да өзгеріс болып отырады.

Қазір FRHC акциясының бағасы бірлігіне 75$ болды. Freedom валютаның бірлігі холдингтің бір акция бағасының он мыңға қатынасында көрсетіледі, яғни 1 Freedom = 0.0075$. Мысалы, ағымдағы сәтте айына 300 мың теңге сомаға төлемдер немесе сауда жасаған жағдайда жаңа валюта түріндегі кешбэк шамамен 4500 Freedom немесе шамамен 15 мың теңгеге дейін болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, осы валюталардың кез келгенімен, оның ішінде жаңа Freedom валютасымен де кез келген төлем жасай аласыз. Айта кетейік, Freedom Insurance, Freedom Life және Aviata компанияларында сауда жасаған кезде операциялардан түсетін кешбэк 16% құрайды. Серіктестік желіден тыс есептелген кешбэк ‒ 3%-ға дейін. Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay төлемдерімен кэшбэк 5%-ға дейін көтеріледі.

"Валютаны қолдануды жеңілдете отыра, процесті мүмкіндігінше автоматтандыруға тырыстық. Осы бастама шеңберінде Freedom холдингінің компаниялары ішінде жоғары кешбэктер жұмыс істейтін болады. Валютаның бірегейлігі – ол кәдімгі кешбэк сияқты жұмыс істемейді, біз оны карточкалық шоттармен біріктіріп, Freedom-ды қосымша валюта жасадық. Бұл қаржылық сауаттылық тұрғысынан құнды, мұнда адам тек бонус емес, компанияның бір бөлігін алады", – дейді Freedom Bank директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов.

Айта кетейік, Freedom SuperApp жаңа қосымшасын да валюталарды ауыстырудан бөлек, ипотека, автокредит, сақтандыру полисін рәсімдеу, депозит, брокерлік шот және сандық карталарды ашу мүмкіндіктері бар. SuperApp-та төлемдер мен аударымдар жасауға, мемлекеттік қызметтердің 20-дан астам түрін алуға, сондай-ақ авиабилеттерді брондауға болады.

01.02.2023 берілген № 1.2.108/43/250 ҚНРДА лицензиясы

Талқылау