Ерлі-зайыпты горилла асырап, онымен 18 жыл бірге тұрып келеді (фото)
Пьер мен Элиан Зивиллион Дижит атты горилла маймылымен 18 жыл бірге тұрған. Маймылды ең алғаш үйіне әкелгенде оның салмағы небары 2 келі ғана болған екен.
Қазір Дижит үлкен болып өсіп кеткенімен әлі күнге дейін тісінің арасында тұрып қалған тамақты, немесе саусағының арасына тұрып қалған заттарды алып тастау үшін асырап алған ата-анасының көмегіне жүгінеді.
Ерлі-зайыпты жыл өткен сайын маймылға бауыр басып қалғандықтан оны жалғыз қалдыруға кимаған. Өздері Лионға жақын маңда тұрғандықтан қазір жеке зообағын ашыпты.
«Біз Дижитті ешкімнің қарауынсыз тіпті бірнеше сағатқа да қалдыра алмаймыз. Сондықтан біз театрға, киноға немесе достарымыздың үйіне қонаққа қыдырып бармадық. Дижит өскен соң ғана оған арнап үйдің жанынан корпус орнаттық», – дейді Элиан.
Тағы оқыңыз:
Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет
Неліктен маймылдарды тамақтандыру кезінде абай болу керек? (фото)
Талқылау