Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз футболшысы Килиан Мбаппе "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды

Фото: instagram.com / k.mbappe

Килиан Мбаппе мадридтік "Реалдағы" алғашқы маусымында-ақ "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Француз шабуылшысы Ла Лигада 34 матчта 31 гол соғып, "Алтын бутсы" рейтингінде 62 ұпай жинады.

Бұл көрсеткіш оған Португалия чемпионатында 39 гол соққан "Спортингтің" шабуылшысы Виктор Дьёкерешті басып озуға мүмкіндік берді. Бірақ Португалия лигасының коэффициенті төмен (1.5), ал Ла Лиганыкі жоғары (2.0) болғандықтан, Дьёкереш 58,5 ұпаймен екінші орында қалды. "Ливерпульден" Мохамед Салах 29 голмен 58 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.

Мбаппе сондай-ақ Ла Лиганың үздік сұрмергеніне берілетін "Пичичи" жүлдесін жеңіп алды. Ол бұл жарыста 27 гол соққан Роберт Левандовскиден озып түсті. Мбаппе 2007 жылдан бері "Реал" сапында дебюттік маусымында-ақ "Пичичи" атағын иеленген алғашқы ойыншы атанды.

Жалпы 2024/25 маусымында Мбаппе барлық турнирде 55 матч өткізіп, 42 гол соқты. Бұл көрсеткіш Криштиану Роналдудың "Реалдағы" алғашқы маусымындағы нәтижесінен де жоғары. Сонымен қатар, Мбаппе — әлем чемпионатының, Чемпиондар лигасының және Еуропа чемпионатының "Алтын бутсы" иесі атанған тарихтағы алғашқы футболшы.

Осылайша, Килиан Мбаппе "Реалдағы" алғашқы маусымын тарихи жетістікпен аяқтап, әлемнің үздік шабуылшыларының бірі екенін дәлелдеді.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 14:34
Талқылау