"Әйеліне есірткі беріп, өзге еркектерге зорлатқан": Жизель Пеликоны зорлау ісі бойынша күйеуі мен 50 азаматқа сот үкімі шықты
Францияда Доминик Пелико 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол көп жылдар бойы өзінің әйелін Жизельді есірткімен улап, кейін таныс емес ер адамдарды оны зорлауға шақырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Getty Images
Францияның Авиньон қаласында Жизель Пеликоға қатысты сот үкімі шықты. Оның бұрынғы күйеуі Доминик Пелико, әйелін есірткілермен улап, жыныстық зорлық жасады және көптеген басқа еркектерді де әйелді зорлауға шақырды деп айыпталды. Доминик Пелико жыныстық зорлық жасау кезінде ауырлатылған жағдайларды ескере отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл заң бойынша максималды жаза. Бұрын ол өз кінәсін мойындаған болатын.
Сот үкімі бойынша 72 жастағы Доминик Пелико зорлық-зомбылықтың ауырлатылған жағдайларымен және оған тағылған барлық айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Ол ең жоғары жазаны алды. Алайда әйелдің балалары бұл шешімді ең жеңіл жаза деп бағалайды. Сот үкімді өзгерту үшін жәбірленушіге 10 күн уақыт берді.
Ал басқа ер адамдар 3 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта түрмеге тоғытылды. Тергеу кезінде 72 ер адам күдікті деп танылғанымен, оның елуінен ғана жауап алынды. Сарапшылардың айтуынша, айыпталушылардың көпшілігі үшін сот шығарған жазалар айыптаушы тараптың сұраған жазаларынан бірнеше жылға қысқартылған.
Пелико, басқа бірнеше айыпталушылар сияқты, кінәсін мойындады. Пелико ісі бойынша 50 ер адам сотқа тартылды: әртүрлі жастағы, мамандықтағы және нәсілдердегі ер адамдар. Олар он жыл бойы Пеликоның үйіне келіп, оның ұйықтап жатқан әйелін зорлады. Доминик осы әрекеттерін камераға түсіріп отырды. Қазір 72 жастағы Жизельмен 50 жыл некеде болған.
Жизель Пеликоның анонимдіктен бас тартып, зорлықшыларды ашық сотта жазалауды талап етуі Францияда әйелдердің қауіпсіздігі жөнінде қоғамдық пікірталас тудырды. Сот ғимаратының алдында белсенділер үлкен баннер іліп, "Merci Gisele" ("Рахмет, Жизель") деп жазды.
Айта кетейік, Пелико ісі әлемдік ақпарат беттерінде кеңінен талқыланды. Бұл процесті Жизельдің анонимділік құқықтан бас тартып, суды ашық жүргізу шешімі үлкен дәрежеде қамтамасыз етті.
"Әрбір әйел таңертең оянғанда менің мына сөздерімді есіне алғанын сұраймын. Кез келген әйел химиялық бағынудың құрбаны болғанын қаламаймын. Менің осы істе құрбан болғанымды білулеріңіз керек", – деді Жизель Пелико.
Еске салайық, бұған дейін Францияда Доминик Пеликоның ісі бойынша сот процесі басталғанын жазған едік. Ол әйеліне есірткі беріп ұйықтатып, кейін оны көптеген ер адамға зорлаттырған. Сотта 50 айыпталушы, оның ішінде өрт сөндірушілер, әскерилер, жүк көлігі жүргізушілері және басқа да мамандық иелері куәлік берді. Айыпталушылар әйелдің дәрі әсерінен ұйықтап жатқанын білмегендерін немесе оны жыныстық зорлауға қарсы болмағанын айтады. Доминик Пелико өзінің және сыбайластарының айыбын мойындады. Бірақ айыпталушылардың көпшілігі өздерін қорғап, айыптауларға қарсы шықты. Сот үкімі келесі аптада шығуы мүмкін.