Франциядағы ірі мұражай қазақстандық суретшілердің туындыларын сатып алған
Қазақстандық суретшілердің туындылары шетелдік өнер нарығында сұранысқа ие болып жатыр. Картиналарды мұражайлар да, жеке коллекционерлер де сатып алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Шетелдік өнер нарығында қазақстандық суретшілердің жұмыстары сұранысқа ие.
Фото: instagram.com/alpysbaikazgulov
Алпысбай Қазғұловтың туындылары Патрисия Каас ("Ғарыштағы ойын" картинасы), Жерар Депардье ("Ұлы Жібек жолы" картинасы), Бельгия ханзадасы Лоран ("Байқоңыр" картинасы) коллекцияларына қосылған.
Фото: instagram.com/alpysbaikazgulov
Батыс мұражайлары көбіне контемпорари арт стилінде жұмыс істейтін қазақ суретшілерінің туындыларын сатып алады. 2023 жылы Елена мен Виктор Воробьевтардың "Ұйқыдағы суретші" туындысын Франциядағы ең ірі мұражайлардың бірі – Жорж Помпиду ұлттық мәдениет және өнер орталығы сатып алды.
Фото: aspangallery.com
2021 жылы Зоя Фалькованың "Evermust" туындысын испаниялық медиамагнат Тачо Беннетт сатып алды және қазір ол Барселонадағы тыйым салынған өнер мұражайына қойылған.
Решат Қожахметовтың туындыларын Каирдегі (Египет) Ұлттық заманауи өнер орталығынан, Жапониядағы Шигараки қорының керамикалық мәдени саябағынан табуға болады.
Алмагүл Меңлібаева мен Ербосын Мелдібековтің туындылары да шетелде сәтті сатылып келеді.