Францияда мұсылман оқушыларды шошқа етін жеуге мәжбүрлеуде
Францияның оңтүстік-батысындағы мектепасханасында мұсылман оқшушыларға бұдан былай шошқа еті қосылмаған тағам әзірлемейді. Қала мэрі оқу орындарында ондай тағамдар жасауға ақша жетпейтінін айтты.
Сен-Сёрен-Сюр-Л’Иль қаласының мэрі Марсель Бертоменің айтуынша, доңыз еті қосылған тағам берілгенде мұсылман балаларына тек гарнир жеуге тура келеді.
Бұған мұсылмандар қауымы наразылық танытты. Ата-аналар мұның діни алауыздық екенін айтады.
“Кей бала шошқа етін, кейбірі балықты, енді бірі сиыр етін жемейді. Олардың бәріне ортақ меню жасаудың саясатқа қатысы жоқ. Мұсылмандар өзін бөлді деп санамасын. Қалада қаражат жоқ. Сондықтан мектептерде түрлі тағам дайындауға мүмкіндік жоқ. Егер бұған келіспейтіндер болса, мектеп тағамынан бас тартуына болады”, – дейді Марсель Бертоме.
Ол доңыз етінен жасалатын тағамның тек 15 оқушыға қатысты екенін атады.
Жіберіп алмаңыз:
Мұсылмандардың доңыз етін жемеуінің 8 себебі
Дания билігі мемлекеттік мекемелердің асхана мәзіріне доңыз етін қосуды міндеттеді
Қытайлық шошқаларының еті дәмді болуы үшін оларды биік мұнарадан секіртіп үйретуде