Францияда бұрынғы хирургтің пациенттерін нәжіспен емдеп келгені анықталды
Францияның Ренн қаласында бұрынғы хирург өз пациенттеріне нәжістен жасалған екпе еккен. Ол заңсыз медициналық әрекеті үшін сотты болды.
Бұл туралы France Info арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2006 жылы адамдарды алдағаны үшін дәрігерлер Орденінен айырылған дәрігер 2011 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылға дейін дәрігерлік қызмет көрсеткен.
Сонымен қатар бұрынғы хирург өз клиенттеріне нәжіс негізіндегі емді қолданып көруді ұсыныпты. Нәжістер үлгісі шетелдік зертханаға жіберіліп, ол жерде бактериялық инфекцияға қарсы екпе жасау үшін, нәжіс өңдеуден өткізілген.
Шамамен 80 жастағы айыпталушыға медициналық қызмет көрсетуге ақтық тыйым мен 5 мың еуро (шамамен 2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Бұрынғы хирургке қатысты сот шешімі 3 сәуірде шығады деп күтілуде.
Оқи отырыңыз:
Таңғажайып жағдай: Қытайда автобус жарылып кетіп, жолаушылар аман қалды (видео)
Әйел адамды артынан теуіп жіберіп әзілдеген жігіт 23 млн теңге өтемақы төлейтін болды
Бұхара қаласында азан шықырылған мұнарадан «жын ұлыды» (видео)
Болашақ күйеу баласын сынау үшін оны сабап тастаған әйел жұрттың жағасын ұстатты (видео)