Қазақстандықтар үшін Францияға виза алу жеңілдемек

Сенат отырысында сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстан Франциямен визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенат депутаттары Қазақстан мен Франция арасындағы заңсыз мигранттарды өз еліне қайтару (реадмиссия) туралы келісімді мақұлдады. Талқылау барысында депутат Сергей Ершов аталған құжат визалық режимді жеңілдетуге әсер ете ме деген сұрақ қойды.
Әлібек Бақаевтың айтуынша, Франциямен визалық тәртіпті жеңілдету бойынша келіссөздердің екінші кезеңі ақпан айында өтеді.
"Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселесі бойынша жұмыс басталды. Келесі айда келіссөздердің екінші раунды өтеді. Еуропалық одақпен жүргізіп отырған жұмысымыз екі топқа бөлінген. Біріншісі реадмиссия туралы келісіммен, екіншісі визалық режимді жеңілдетумен айналысады", – деді Әлібек Бақаев.
Айта кетейік, реадмиссия мемлекеттердің екіжақты келісімдері аясында басқа елде заңсыз жүрген азаматтарды немесе шетелдіктерді өз еліне қайта қабылдау тәртібі.
- Қазақстанға көп саяхаттап келетін елдердің тізімі белгілі болды
-
Шенген визасының ережесі өзгерді: Қазақстандықтарды не күтіп тұр
Еске салайық, бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап бірқатар ел азаматтарына иммиграциялық визаларды уақытша беруді тоқтататынын мәлімдеді. Бұл тізімге Қазақстан да енгізілген. Шешімнің басты себебі президент Трамптың ұстанымы бойынша, иммигранттар АҚШ-та қаржылай өзін-өзі қамтамасыз етіп, мемлекетке әлеуметтік жүктеме түсірмеуі керек. Енді аталған елдердің азаматтары өтініш беріп, сұхбаттан өте алады, бірақ тоқтату кезеңінде виза берілмейді.
"Төсек салып жатқызайық, содан кейін өзі-ақ қалады": Алып қашу құрбаны болған қазақстандықтардың жантүршігерлік оқиғалары