FlyArystan-ның жаңа президенті тағайындалды

Air Astana компаниялары тобы бюджеттік авиакомпания FlyArystan-ның жаңа президенті болып Йохан Эйдхагенді тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол 1 наурыз 2026 жылдан бастап қызметке кіріседі.
Йохан бұрын Wizz Air компаниясында әртүрлі жетекші лауазымдарда жұмыс істеген. Соның ішінде Абу-Дабидегі басқарушы директор болған. Бұрын Nokia компаниясында да 15 жыл жетекші қызметтер атқарған.
-
Қазақстандықтар енді әуе билетін рәсімдегенде аты-жөніндегі ұсақ қате үшін айыппұл төлемейді
-
Алматы әуежайы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 2,1 миллион теңге айыппұл арқалады
Ал қазіргі президент Ричард Леджер Air Astana тобында серіктестік пен халықаралық альянстарды дамытуға жауапты жаңа қызметке ауысады. Соның ішінде компания жақында China Southern Airlines және Air India-мен серіктестік келісімдер жасаған. Бұл халықаралық қатысуды кеңейтудің маңызды бөлігі болып саналады. Леджер осы бағытты басқарады.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады