Жолаушылардың шағымынан кейін FlyArystan ережесін өзгертуге мәжбүр болды
Фото: pixabay.com
FlyArystan әуе компаниясы енді жолаушылардың duty free дүкенінен алған заттарын тегін тасымалдайды. Прокуратура бұл тауарлар үшін ақы алуды заңға қайшы деп таныған. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасы FlyArystan әуе компаниясының тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізді.
“Әуе компаниясының қызметін талдау барысында duty free саудасынан сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қатысты шектеулердің заңға қайшы екені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде FlyArystan өз ішкі қағидаларын түзетті. 2025 жылғы 1 қазаннан бастап халықаралық рейстердің жолаушылары duty free тауарларын қол жүгінде тегін алып өте алады. Жаңартылған құжат әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады”, – деді ведомство.
Прокуратура бұл өзгеріс заңды бірізді қолдануға ықпал ететінін айтты. Осы арқылы жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, әуе компаниясының жұмысы ашық бола түседі.
Еске салайық, бұған дейін FlyArystan жолаушыларды Duty Free-ден алынған тауар үшін қаржы төлеуге мәжбүрлегені туралы жазған едік. Жолаушылар компания өкілдерінің дәл ұшаққа отырар сәтте тексергенін айтқан.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
