Ер адам iPhone-ды 15 жыл бұрын өзі ойлап тапқанын айтып сотқа жүгінді
Флоридада тұратын ер адам iPhone телефонын сатылымға шыққанға дейін 15 жыл бұрын, 1992 жылы өзі шығарғанын айтты.
Сурет: nz1.ru
Енді Томас Росс компаниядан 7,5 млрд доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Сондай-ақ, ол компанияның жыл сайын жалпы сатылымның 1,5 пайызын өзіне төлеп отыруын талап етуде.
Негізінде 1992 жылы Томас Росс оқуға арналған бірнеше электронды құрылғыларын патенттеуге арыз жазған.
«Бұл өнертабыс – кітап, журнал, қолжазба сынды қағазға жазылған құралдардың басып шығарылған компьютерлік, электрондық баламасы», -делінген оның патенттеуге жазылған арызында.
Инженер Томас Росс арызды сот қарауын беріп, өз құралының сызбасын және патент алуға арыз жазып қалдырған.
Жіберіп алмаңыз:
Қытайда iPhone 6 жергілікті смартфоннан көшірілді деп айыпталып сатуға тыйым салынды
Apple iPhone телефондарын жылына 3 рет жаңартып отырмақ
Рембрандт картинасынан iPhone байқалып қалды
iPhone құрастырушы қызметкерлер тұратын жатақхананың адам шошырлық жағдайы (фото)