Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Fitch агенттігі Bereke Bank болжамын "Оң" деңгейге көтерді, банктің пайдасы 4 есе артты

Bereke Bank

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Bereke Bank эмитентінің ұзақмерзімді дефолт рейтингтері бойынша болжамын "Тұрақтыдан" "Оң" деңгейге көтерді және рейтингті "B+" деңгейінде растады.

Сондай-ақ банктің ұлттық ұзақмерзімді рейтингісі "BBB-(kz)"-дан "BBB(kz)"-ға дейін көтеріліп, болжам "Оң" болып өзгертілді. Тұрақтылық рейтингісі (Viability Rating) "b+" деңгейінде расталды.

Оң болжам Bereke Bank-тің бизнес-үлгісінің алдағы уақытта одан әрі нығая түсетініне деген сенімді білдіреді, бұл ретте банктің табыстылығының артуы, капиталдық тұрақтылығының күшеюі және мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігінің біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Қаржы көрсеткіштерінің өсімі

Bereke Bank-тің 13 сәуірде Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебінің деректеріне сәйкес банк сенімді өсім көрсетті: пайдасы шамамен 4 есе артты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша:

  • банктің таза пайдасы 63,1 млрд теңгені құрады (бір жыл бұрынғы 16,2 млрд теңгемен салыстырғанда, +46,9 млрд теңге),
  • капиталы 238,0 млрд теңгеге дейін артты (2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, +55,4 млрд теңге).

Банк активтері 2,8 трлн теңгеге дейін артты (2024 жылмен салстырғанда, +343 млрд теңге), бұл банк бизнесінің дамығанын және нарықтағы позицияларының нығая түскенін көрсетеді.

Тұрақтылық пен тиімділік

Fitch Ratings берген бағаға сай Bereke Bank табыс көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан:

  • операциялық пайда тәуекелмен өлшенген активтерге шаққанда 5,1%-ға жетті,
  • пайыздық маржа 7,3%-ға дейін көбейді.

Алдағы кезеңде де табыс деңгейі тұрақты сақталады деп күтіледі.

Капитал мен өтімділіктің нығаюы 

Банктің капитал деңгейі нығая түсуде:

  • негізгі капиталдың коэффициенті (Fitch Core Capital) 13,2%-ға жетті,
  • капиталдың активтерге қатынасы 8,5%-ға дейін артты.

Bereke Bank депозиттік базасын біртіндеп нығайтып келеді. Өтімділіктің жоғары деңгейі мен қаржыландыру құрылымының теңгерімділігі банктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Bereke Bank атап өткендей, Fitch Ratings агенттігінің оң болжамы тек қаржылық көрсеткіштердің жақсарғанын ғана емес, сонымен қатар даму үлгісіндегі өзгерістерді де көрсетеді. Соңғы жылдары банк бизнестің тұрақтылығын жүйелі түрде күшейтіп, қаржыландыру көздерін әртараптандырып, операциялық тиімділігін арттырды. Бұл өзгерістердің негізінде басты қағидат жатыр — әрбір клиентке ерекше көңіл бөлу. Банк өз қызметін клиенттердің қажеттіліктері төңірегінде құрып, әрбір өнім мен қызметте сенімділік, ашықтық және ұзақ мерзімді құндылық ұсынуға ұмтылады.   

ҚР ҚНРДА 27.02.2025 жылы берген  №1.1.199 лицензия

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 18:25