Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі FinansInvest микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: iStock.com

Агенттіктің дерегіне сенсек, Қарағандыдағы өңірлік өкілдер басқармасы басшысының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №1 бұйрығына сәйкес, "FinansInvest" микроқаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржы қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.

"Микроқаржы қызметі туралы" заңның 16-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына “Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер” сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік 12 айда үш және одан көп рет) лицензиядан айыру үшін негіздеме болған.

"Микроқаржылық қызмет туралы" заң талаптарына сәйкес, енді ұйым шешім қабылдаған күннен бастап 30 күнде өз атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастауы керек. Сол арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар клиенттері, қаржы ұйымы алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады", – делінген хабарламада.


Қазақстандықтарға микроқаржы ұйымдарымен келіспей қалғанда көмектесетін жаңа омбудсмен институты құрылды


Еске салайық, бұған дейін елімізде енді ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека рәсімдеуге кедергі болатынын жаздық. Алимент, айыппұл, микрокредиттер және ломбардтан алған қарыз болса сұраныс мақұлданбай қалады. Сол себепті кепілдікке бағалы зат қабылдап, ақша беретін ломбард кредиттік бюроларға қазақстандықтардың берешегі туралы ақпарат беруге міндетті.

Талқылау