Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппин президенті жемқорлар мінген қымбат автокөліктерді қиратып тастады

Филлипин елінің президенті Родриго Дутерте люкс санатындағы ондаған автокөлікті бульдозермен қиратуға бұйрық берген. Ол елге заңсыз әкелінген автокөліктерді жою мақсатында осындай әрекетке барған.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Құны 1,2 миллион доллар болатын бас-аяғы 20 автокөліктің көзі жойылған. Оның ішінде кей автокөліктердің бағасы 100 мың доллардан асатын көрінеді.

Саясаткер осындай жолмен жемқорлыққа қарсы күресіп жүргенін айтады.

“Шенеуніктер мұндай көлік міне алмайды. Мұны металл сынықтарына өткізіңдер, қаласаңдар ойыншық жасаңдар”, – деп мәлімдеді Дутерте.

Айта кетейік, Филиппин президенті қалың көпшілікке даулы мәлімдемелерімен танылған. 2017 жылдың қарашасында саясаткер жасөспірім шағында адам өлтіріп алғанын мойындаған болатын. Сондай-ақ, ел президенті есірткі саудасына қатысы бар шенеуніктерді өлтіруге уәде берген.

22 қаңтар күні Дутерте әскерилер мен полицияға: “Билікте ұзақ отырып, диктаторға айналсам, мені атап тастаңдар”, – деп бұйырған.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейлік әйел күйеуінің жоғалғанын 40 жылдан кейін байқаған

Түрікменстанда пәктігі табылмаған қыздардың анасын шақыртып бүкіл мектепке масқаралап жатыр

Дизайнер зорлаушының шабуылынан қорғайтын шолақ шалбар ойлап тапты

Тарантино Ума Турманды шынжырмен қылқындырып, оған түкіргенін мойындады

 

Талқылау