Магнитудасы 7,2 балл: Филиппин маңында қуатты жер сілкінісі тіркелді
Фото: І.point.md/ru
Жұма күні Филиппин аралдарының Минданао аралының шығыс жағалауындағы Филиппин теңізі акваториясында магнитудасы 7,2 балдық жер асты дүмпуі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Интерфаксқа” сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалының мәліметінше, жерасты дүмпуі Мәскеу уақытымен сағат 04:44-те тіркелген жер сілкінісінің эпицентрі Минданао аралындағы Бислиг қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 115 шақырым жерде болған.
Эпицентрдегі сілкініс күші бойынша бұл сейсмикалық жағдай “қуатты” деп бағаланып отыр.
Бұдан бөлек, Алтай–Саян филиалының мәліметінше, сол аймақта Мәскеу уақытымен 06:32-де магнитудасы 5,7 болатын афтершок тіркелген. Оның эпицентрі Бислигтен оңтүстік-шығысқа қарай 121 шақырымда орналасқан және ол “талқандайтын” деңгейде болған.
АҚШ Геологиялық қызметі алғашқы жер сілкінісінің магнитудасын 7,4 деп бағалады. Олардың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы 58,1 шақырым тереңдікте болған.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
