Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйдің мәселесі үйдің ішінде қалғаны дұрыс": Әнші Наркенже Серікбаева мен филармония басшысы татуласты

Әнші Наркенже Серікбаева мен филармония басшысы

Видеодан скрин

Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония директоры Ғалымжан Ерназаров пен әнші Наркенже Серікбаева арасындағы дауға нүкте қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалымжан Ерназаров әншіге қарсы сотқа жүгінбейтінін мәлімдеді.

“Кешелі бері резонанс тудырған мәселе ұшін кешірім сұраймыз. Үйдің мәселесі үйдің ішінде қалғаны дұрыс еді. Бірақ бүкіл елге тарап кеткеннен кейін арнайы комиссия келді. Бір-бірімізге қоятын талабымыз жоқ. Ушықтырудың қажеті жоқ, мәселе шешілді”, – деді Ғалымжан Ерназаров.

Әнші Наркенже Серікбева да оның бұл сөзін растап, кешірім бергенін айтты.

“Маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға рахмет. Әкімдік тарапынан арнайы комиссия құрылып, Ғалымжан мырха екеуіміз бір-бірімізбен түсіністік. Кешірім сұрадық. Тағы айтамын мен хайп қуалап, атын шығара алмай, бүлік шығаратын, бәле іздейтін әнші емеспін. Жүрегі нәзік, эмоцияға бейім әйел затымын. Өнердің шын жанашырымын”, – деді әнші Нркенже Серікбева.

Еске салсақ, осыған дейін танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Ш.Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының басшысынан қысым көргенін айтқан еді. Филармония әншісінің сөзінше басшылық "киімің жоқ" деген себеппен сахнадан шеттеткен. Осы мәселе төңірегінде ол әкімнен көмек сұраған.

Алайда Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры Ғалымжан Ерназаров Наркенже Серікбаеваның сөздерін жоққа шығарған еді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 18:48
Талқылау