Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ФИФА “Ордабасы” клубына трансферлік шектеу енгізді

Ордабасы фк Фото:”Ордабасы” фк

ФИФА 10 наурыз күні шымкенттік “Ордабасы” клубына санкция салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кейінірек бұл шешімнің нақты себебі белгілі болды.

Telegram-дағы "Серый CARDINAL" арнасының мәліметінше, санкция клубтың бұрынғы ойыншысы Артем Беседин және тағы бір футболшыға тиесілі қаржылық төлемдердің уақытында аударылмауына байланысты енгізілген.

Қарызды өтеудің соңғы мерзімі 9 наурыз болып белгіленген еді. Алайда демалыс күндеріне байланысты төлем сол күні жасалмай қалған.

Қазіргі уақытта клуб барлық қаржылық міндеттемелерін толық орындағаны хабарланды. Соған байланысты салынған трансферлік тыйым жақын күндері алынып тасталуы мүмкін.

Бұл процестің нақты мерзімі футболшылардың ФИФА-ға клубқа қатысты ешқандай талаптары жоқ екенін растайтын құжаттарды қаншалықты тез ұсынатынына және федерацияның оларды қаншалықты жедел қарауына байланысты болады.


ФИФА қазақстандық клубқа санкция салды


Футбол матчындағы жаппай төбелестен кейін “Ордабасы” капитаны қамауға алынды


 

Алдын ала деректерге сүйенсек, салынған шектеу екі аптаға жетпей толық күшін жоюы ықтимал.

Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер‑лигасы 2026 жылғы маусымының алғашқы турында Ордабасы өз алаңында Ертіс командасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Келесі матчты шымкенттік ұжым 16 наурыз күні сырт алаңда Жеңіс клубына қарсы өткізеді.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 12 Наурыз, 2026 13:06